Блог статистикасы
195
Жазбалар
5570
Өтініштер
229502
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
  • Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру

Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру

Қосымша


Қазақстан Республикасы   
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі   
№ 147 бұйрығына       
6-қосымша         

«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат
үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу
туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (608)

1. Жалпы ережелер

      1. «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен әзірленген.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi:
      1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
      3) кызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
      5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы келісу-хат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысан – қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесi – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалысжәне мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.
      Өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі туралы факті анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап ұсынады.
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшiрмесi.
      3) оны пайдаланатын, тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған, не болмаса көрсетілген объектілерде келушілерге жеке дұға етуге арналған үй-жайлар ашу қарастырылған ғимараттың, халық көп келетін объектінің (сауда объектілері, теміржол және вокзалдары, әуежайлар, порттар) басшысы қол қойған еркін нысандағы негіздеме.
      Еркін нысандағы негіздемеде: діни шаралар өткізуге арналған үй-жайды анықтаудағы (орналастырудағы) мақсаты, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны, үй-жайдан (ғимараттан) үш жүз метр қашықтықта рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, білім беру ұйымдары жоқ екендігі көрсетіледі.
      4) жылжымайтын мүліктің құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі және (немесе) жер учаскесіне нотариалды куәландырылған сәйкестендіру құжатының көшірмесі, не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады;
      5) діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлар орналасқан аумақта әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) немесе үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналыстарының діни іс-шаралар өткізуге (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі;
      Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның аталған үй-жайда діни іс-шаралар өткізуге келісімі туралы хаты ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) жеке тұлғаның үйі, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің үй-жайы болған жағдайда ұсынылады);
      6) меншік иесінің үй-жайды діни іс-шараларды өткізу үшін пайдалануға келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);
      Осы тармақтың 5), 6) тармақшаларында көзделген құжаттарда көрсетілген күн өтініш берілгенге дейін үш айдан артық болмауға тиіс.
      Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, әкесінің аты (оның болған жағдайында), құжаттардың қабылданған күні, мерзімі және кіріс құжаттардың нөмірі көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушының қабылдап алғанын растау болып табылады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз ретінде егер діни бірлестіктердің қызметі:
      1) бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға,
      2) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге;
      3) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен, олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен, ерлі-зайыптылардың некесін бұзумен (отбасының бұзылуымен), туыстық қарым-қатынастарды тоқтатумен, имандылыққа нұқсан келтірумен, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болуымен және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылықпен ұштасса;
      4) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартса;
      5) діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліктеуге итермелесе;
      6) дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға түрткі болса мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдардың
шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым www.din.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, «Министрлiктер үйi» ғимараты, 14-кiреберiс мекенжайы, 8 (7172) 740976 телефоны бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.
      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол берiледi.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметтi алушы заңнамадабелгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері
ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталында орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетілетін қызметті берушінің телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.


Әкімдіктің           
2015 жылғы 28 шілдедегі    
№ 313 қаулысымен бекітілген 

"Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен ("Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы келісу-хат немесе Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) нысаны бойынша өтініш беруі болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды, олардың тіркелуін жүзеге асырады, құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, 30 минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – құжаттар топтамасын тіркеу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны айқындайды, тиісті бұрыштаманы қояды, 3 сағат.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттар топтамасын қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын дайындайды, 28 (жиырма сегіз) күнтізбелік күн.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасымен танысады және оған қол қояды, 1 (бір) күнтізбелік күн.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі;
      5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді, 30 минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырғаннан кейін, құжаттар топтамасын бұрыштама қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, 30 минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар топтамасымен танысады және оны тиісті бұрыштамасымен көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді, 3 сағат;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарай отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындалған жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, 28 (жиырма сегіз) күнтізбелік күн;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы тиісті шешім қабылдай отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне береді, 1 (бір) күнтізбелік күн;
      5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беруді жүзеге асырады, 30 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы регламентке қосымшада көрсетілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау

      9. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану қарастырылмаған.

"Діни іс-шараларды өткізуге    
арналған үй-жайларды ғибадат    
үйлерінен (ғимараттарынан) тыс   
жерлерде орналастыруға келісу   
туралы шешім беру" мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет регламентіне  
қосымша            

"Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


Қызметті мемлекетік органнан алу үшін (қажетті құжаттар):

  1. Қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшiрмесi.
  3. Оны пайдаланатын, тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған, не болмаса көрсетілген объектілерде келушілерге жеке дұға етуге арналған үй-жайлар ашу қарастырылған ғимараттың, халық көп келетін объектінің (сауда объектілері, теміржол және вокзалдары, әуежайлар, порттар) басшысы қол қойған еркін нысандағы негіздеме.
          *Еркін нысандағы негіздемеде: діни шаралар өткізуге арналған үй-жайды анықтаудағы (орналастырудағы) мақсаты, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны, үй-жайдан (ғимараттан) үш жүз метр қашықтықта рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, білім беру ұйымдары жоқ екендігі көрсетіледі.
  4. Жылжымайтын мүліктің құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі және (немесе) жер учаскесіне нотариалды куәландырылған сәйкестендіру құжатының көшірмесі, не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады;
  5. Діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлар орналасқан аумақта әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) немесе үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналыстарының діни іс-шаралар өткізуге (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі;
          *Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның аталған үй-жайда діни іс-шаралар өткізуге келісімі туралы хаты ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) жеке тұлғаның үйі, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің үй-жайы болған жағдайда ұсынылады);
  6. Меншік иесінің үй-жайды діни іс-шараларды өткізу үшін пайдалануға келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);
          *Осы тармақтың 5), 6) тармақшаларында көзделген құжаттарда көрсетілген күн өтініш берілгенге дейін үш айдан артық болмауға тиіс.

Мемлекеттік орган

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі



Қызметті алушылар

Заңды тұлғалар



Қызмет көрсету орны

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ЖАО



Қызмет құны

Тегін



Қызмет көрсету мерзімі

30 күнтізбелік күн



Қызметтің толық атауы

Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келіcу туралы шешім беру

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер орынсыз көрсетілген жағдайда облыс әкімінің http://akim.blogs.kostanay.gov.kz блогына, Халыққа қызмет көрсету орталығына, облыстың қалалық және аудандық әкімдіктерінің кеңселеріне шағымдануыңызға болады.

 

 

 


Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын ішкі бақылау жөніндегі жұмысы туралы есебіне талдамалық анықтама

анықтаманы жүктеу



хат жіберу