Блог статистикасы
195
Жазбалар
5570
Өтініштер
229502
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау

Қосымша


Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау және    
әлеуметтік даму министрінің 
2015 жылғы 28 cәуірдегі   
№ 294 бұйрығына 10-қосымша

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін
көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын
талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (132)

1. Жалпы ережелер 

      1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменттері, облыстың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектісі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) немесе оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей өтініш берген кезде көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталған сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күнінен артық емес;
      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қатысуға арналған құжаттардың растығын анықтаудың қажеттігі туындағанда - 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде;
      ХҚО-ға жүгіну кезінде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді (ҚР «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 20 бабының 1-тармағы).
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне еркін тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді көшірме;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жөніндегі қызметтерді (бұдан әрі – ТМККК) беру үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді көшірме.
      6. Мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 
      7. Мемлекеттік қызмет денсаулық сақтау субъектілеріне: денсаулық сақтау ұйымдарына және жеке медициналық практикаммен айналысатын жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 32-бабы).
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін.
      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін тапсыру сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін белгіленді.
      Мемлекеттік қызмет кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі;
      2) ХҚО-ның: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі асқа үзіліссіз, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес 9-00-ден 20-00-ге дейін.
      Мемлекеттік қызмет «электрондық» кезек тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдау мүмкін;
      9. Көрсетілетін қызметті алушы қызметтер берушіге және ХҚО-ға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      МСАК көрсететін әлеуетті қызметтер беруші Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне еркін тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызмет берушілерді анықтау рәсіміне қатысуға арналған өтінімді (бұдан әрі - қатысуға арналған өтінім) мемлекеттік қызметтердің осы стардартына 3-қосымшаға сәйкес келесі құжаттарды қоса берумен:
      1) мыналардың:
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың (анықтаманың электрондық нұсқасы нотариаттық куәландырылмайды);
      тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың (жеке тұлға үшін);
      сенімгерлік шартты
      әлеуетті қызметтер берушінің тиісті медициналық қызметтер көрсетуге арналған құқығын растайтын медициналық қызметпен айналысуға лицензиялар мен оларға қосымшалардың (электрондық лицензия және оған қосымшалар нотариаттық расталмайды) нотариаттық куәландырылған көшірмелерін;
      1) көшірмелерін:
      жеке куәлігінің немесе паспорттың (жеке тұлға үшін);
      жарғының (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, сондай-ақ құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе құрылтай шартының нотариаттық куәландырған көшірмесі немесе акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме ұсынылады);
      2) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу туралы куәліктің (бар болса) көшірмелері;
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 4-қосымшаға сәйкес бірінші басшының қолымен расталған және әлеуетті қызметтер берушінің мөрімен бекітілген дәрігер кадрлардың болуы туралы мәліметтер (аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда аталған мәліметтер ұсынылмайды);
      4) әлеуетті қызметтер берушінің мүддесін білдіретін адамға (адамдарға) комиссия отырыстарына қатысуға арналған өтінім беруге, қол қою құқығына сенімхат.
      Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) көрсетуге әлеуетті қызметтер беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 5-қосымшаға сәйкес қатысуға арналған өтінімге мынадай құжаттарды қоса береді:
      1) мыналардың:
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың (анықтаманың электрондық нысаны нотариаттық расталмайды);
      сенімгерлік басқару шартының (болған жағдайда);
      тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың (жеке тұлға үшін);
      тапсырыс беруші көрсеткен аумақта тиісті медициналық қызметтер көрсетуге құқығын растайтын медициналық қызметпен айналысуға арналған лицензиялар мен оларға қосымшалардың (электрондық лицензия және оған қосымшалар нотариаттық расталмайды);
      фармацевтикалық қызметке арналған лицензиялардың және оларға қосымшалардың (электрондық лицензия және оған қосымшалар нотариаттық расталмайды)нотариаттық куәландырылған көшірмелерін;
      2) мыналардың:
      жеке куәлігінің немесе паспорттың (жеке тұлға үшін);
      жарғының (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, сондай-ақ құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме көшірме немесе құрылтай шартының нотариаттық куәландырылған көшірмесі немесе акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме ұсынылады);
      денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу туралы куәліктің (бар болса);
      қатысуға арналған өтінімінде көрсетілген жоғары мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі – ЖММК) технологиялары тізбесі бойынша медициналық көмек көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы уәкілетті орган берген қорытындының көшірмелерін;
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 6-қосымшаға сәйкес шарттың талаптарында көзделген төлемақыны алғанға дейін оны қызметтер беруші деп айқындаған күннен бастап қызметтер көрсету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар бойынша, тамақ өнімдері бойынша кемінде бір ай мерзімге арналған материалдық ресурстар қорының болуын растайтын ақпарат қоса берілген кепілдік міндеттеме;
      қолданылуының бүкіл кезеңіне шарт жасасу кезінде уәкілетті орган бекіткен тиісті медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеге (ережелерге) оның сәйкестігі жөніндегі кепілхат (денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда кепілдеме хат ұсынылмайды);
      ағымдағы кезеңге арналған кредиторлық берешегі туралы ақпарат;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрлардың біліктілігі туралы мәліметтер (аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда, бұл мәліметтер ұсынылмайды);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 7-қосымшаға сәйкес ТМККК шеңберінде медициналық көмектің түрлері мен нысандары, оның ішінде ЖММК технологияларының тізбесі, осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 8-қосымшағасәйкес бейінді төсектердің саны (стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 9-қосымшаға сәйкес медициналық техниканың, оның ішінде қаржылық лизинг шарттарында сатып алынған, болуы туралы соңғы үш жылда және мәлімделген кезеңде (оларға ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету кезеңі үш жылдан аспаған жағдайда) көрсетілген мәліметтер;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 10-қосымшаға сәйкес қатысуға арналған өтінімде көрсетілген медициналық көмектің жоқ түрлеріне/кіші түрлеріне ниет білдіру шарты;
      Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бүкіл онкологиялық диспансерлер арасындағы онкологиялық науқастарға ТМККК қызметтерін көрсетуге арналған алдынала шарт;
      4) оның мүдделерін білдіретін адамға(-дарға) комиссия отырыстарына да қатысуға арналған өтінімді беруге, қол қою құқығына сенімхат.
      Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын әлеуетті қызметтер беруші өзінің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденті сияқты құжаттарды не осы талаптарға сәйкестігі туралы ұқсас мәліметтерді ұсынады.
      10. МСАК көрсететін денсаулық сақтау сукбъектілеріне Республикасының азаматтары мен оралмандарды еркін тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызмет берушілерді анықтау рәсімін өткізу туралы көрсетілетін қызметті беруші хабарламасында көрсеткен қатысуға рәсімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғанына дейін көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін стандартқа 3-қосымшаға сәйкес өтінімді ұсынады.
      Көрсетілтеін қызметті беруші қызметті берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы жариялаған күннен бастап бес күн ішінде қызметтті алушы қатысуға арналған өтінімді ұсынады.
      Қатысуға арналған өтінімді әлеуетті қызметтер беруші тапсырыс берушіге тігілген түрде, нөмірленген парақтармен түзетулерсіз және жөндеулерсіз ұсынады. Бұл ретте өтінімнің соңғы парағы бірінші басшының қолымен куәландырылады және мөрімен бекітіледі.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде өтініштің қабылданғанын растау оны өтінімдерді тіркеу журналында хатшының тіркеуі болып табылады.
      Құжаттарды ХҚО арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      12. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға (не оның өкіліне нотариаттық куәландырылған сенімхат бойынша) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін бір айдың ішінде тапсырады. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру тапсырыс алушының сұратуы бойынша жүзеге асырылады.
      ХҚО-да тапсырыс алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру тапсырыс алушы жеке куәлігін ұсынған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырылады (не оның өкілінің нотариаттық куәландырылған сенімхат бойынша).
      ХҚО нәтиженің сақталуын бір ай ішінде қамтамасыз етеді, кейін оларды қызмет берушіге кейінгі сақтауы үшін тапсырады. Тапсырыс алушы ХҚО-ға жүгінген кезде мемлекетті қызметті көрсету қолхатында көрсетілген күннен бастап бір ай ішінде ХҚО-ның сұратуы бойынша тапсырыс беруші бір жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін ХҚО-ға тапсыру үшін жолдайды.
      13. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген тиісті атқарушы орган басшысының атына немесе Министрліктің атына шағым беріледі, келесі мекенжайға: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс.
      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе көрсетілетін қызметті берушінің не тиісті атқарушы органның немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
      Шағымның қабылданғанын растау тиісті атқарушы органның немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі болып табылады (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні шағымның екінші парағында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады).
      ХҚО қызметкері қызметтерді дұрыс көрсетпеген жағдайда, шағым ХҚО басшысының атына жасалады.
      Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның ХҚО кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына қойылады) болып табылады.
      Портал арқылы жүгінген кезде, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      «Жеке кабинет» портал арқылы қызмет алушыға шағымданған кезде, жүгіну туралы ақпарат қолжетімді, ол қызмет беруші жүгінуді өңдеген кезде жаңартылады (жеткізілу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы;
      2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, тиісті атқарушы органның, Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде қаралуға жатады.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің, тиісті атқарушы органның, Министрліктің немесе ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлкеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау мен бақылау бойынша тиісті уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
      15. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылады:
      Министрліктің www.@mzsr.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларында;
      ХҚО-ның –www.con.gov.kz.
      немесе көрсетілетін қызметті берушінің ғимаратында.
      17. Қызмет алушы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерінің тәртібі мен дәрежесі туралы ақпаратты жойылған қол жеткізу режімінде «жеке кабинет» порталы арқылы, сонымен бірге мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығынан алуға мүмкіндігі бар.
      18. Қызмет алушы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің, тиісті атқарушы органның интернет-ресурсында орналасқан. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

Қосымша


Әкімдіктің       
2015 жылғы 28 қазандағы  
№ 456 қаулысымен бекітілген

"Көрсетілетін қызметтерді әлеуетті
жеткізушінің тегін медициналық көмек
кепілдік берілген көлемінің талаптарына
сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Көрсетілетін қызметтерді әлеуетті жеткізушінің тегін медициналық көмек кепілдік берілген көлемінің талаптарына сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші;
      2) "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалы және оның қалалар мен аудандардағы бөлімдері (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294"Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт)  1-қосымшасына сәйкес нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінееркін тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді көшірме;
      2) Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жөніндегі қызметтерді беру үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді көшірме.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетінқызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау(бұдан әрі – құжаттар топтамасы) болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, 15 (он бес) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі - құжаттар топтамасын қабылдау және тіркеу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді:
      қатысуға өнімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен артық емес.
      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қатысуға арналған құжаттардың растығын анықтаудың қажеттігі туындағанда - 29 (жиырма тоғыз) күнтізбелік күннің ішінде;
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді, 20 (жиырма) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі - қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді, 20 (жиырма) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі - берілген мемлекеттік қызмет көрсетунәтижесі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, 15 (он бес) минут.
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді:
      қатысуға өнімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен артық емес.
      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қатысуға арналған құжаттардың растығын анықтаудың қажеттігі туындағанда - 29 (жиырма тоғыз) күнтізбелік күннің ішінде;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді, 20 (жиырма) минут.
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді, 20 (жиырма) минут.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен
және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді
пайдалану тәртібін сипаттау

      8. ХҚКО-ға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс-қимылды бастауға негіздеме ХҚКО қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасын қабылдауы болып табылады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір іс-қимылдың мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) ХҚКО қызметкері өтініштің дұрыс толтырылуын және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, 5 (бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері Стандарттың 11-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Құжаттар топтамасы толық ұсынылған кезде, ХҚКО қызметкері оны "Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған интеграцияланған ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесінде тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат береді, 5 (бес) минут;
      2) ХҚКО қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша келісімін алады, 5 (бес) минут;
      3) ХҚКО қызметкері құжаттар топтамасын дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік немесе осыған уәкілетті өзге де байланыс арқылы жібереді, 1 (бір) күннен аспайды;
      4) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және ХҚКО-ға жібереді:
      қатысуға өнімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен артық емес.
      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынғанқатысуға арналған құжаттардың растығын анықтаудың қажеттігі туындағанда - 29 (жиырма тоғыз) күнтізбелік күннің ішінде;
      5) ХҚКО қызметкері құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 15 (он бес) минут.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

Қызметті мемлекеттік органда алу 

  1.   Нотариалды расталған көшірмелер:
          Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе анықтама;
          заңды тұлғаны түзусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын ұсынатын құжат  (жеке тұлға үшін);
          сенімгерлік басқару шарты  (бар болса);
          тиісті медициналық көмекті көрсетуге ықтимал өнім берушінің құқығын растайтын медициналық қызметпен айналысуға лицензиялар;
  2. Көшірмелер:
          жеке куәлік немесе төлқұжат (жеке тұлға үшін);
          жарғы;
          денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу туралы куәлік  (бар болса);
  3. Кадрлардың біліктілігі туралы мәліметтер  (аккркдиттеу туралы куәлік болғанда мәліметтердің деректері ұсынылмайды).
  4. Комиссия отырыстарында және қатысуға өтінімге қол қою, беру құқығына ықтимал өнім берушінің мүдделерін ұсынатын сенім білдірілген адамға сенімхат.

Мемлекеттік орган

ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі


Қызметті алушылар

ҚР азаматтары, шетелдіктер және ҚР азаматтығы жоқ адамдар 


Қызметті көрсету орны 

Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті көрсететін медициналық ұйымдар 


Қызметтің құны

Тегін


Қызметті көрсету мерзімі 

со дня истечения окончательного срока представления заявок на участие – не более 4  рабочих дней


Қызметтің толық атауы 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау


Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын ішкі бақылау жөніндегі жұмысы туралы есебіне талдамалық анықтама

анықтаманы жүктеу



хат жіберу