Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 297бұйрығымен
бекітілген
1. «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және қорытынды нәтижелерін беру көрсетілген мемлекеттік қызметті алушы арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қорытынды Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының (біліктілік комиссиясы) немесе көрсетілетін қызметті беруші басшысының шешімі қабылданған күнінен бастап даярлықтан өткізу туралы құжаттарды беру – 15 (он бес) жұмыс күннің ішінде, біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру – 3 (үш) жұмыс күннің ішінде;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларын және қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттар не осы стандарттың 10-1-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 08.09.2016 № 785 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет - жеке тұлғаларға (көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында көрсетілетін қызметті берушінің белгілеген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 10.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліспен 13:00-ден 14:30-ға дейін.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
2) жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі).
3) кету парағы немесе білім алушының көрсетілетін қызметті берушілер алдында берешегінің жоқтығын растайтын өзге құжат.
Салыстырудан кейін жеке куәліктің тұпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 08.09.2016 № 785 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Көрсетілетін қызметті берушіге барлық құжаттар топтамасын тапсыру барысында - көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті қағаз жүзінде қабылданады және көрсетілетін қызмет алушының кеңсесінде тіркеліп, көшірмесіне уақытымен мен күнінің белгіленеді.
10-1. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау негізінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 08.09.2016 № 785(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Министрліктің басшылығына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының
12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жіберіледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша турде көрсетілетін қызметті беруші немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағым қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда пошта арқылы жазбаша нысанда немесе электрондық нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып, шағымның тіркелуі, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға немесе сотқа шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
13. Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mzsr.gov.kz. интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша байланыс телефондары Министрліктің www.mzsr.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 433 "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5979 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – "Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларын және қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттар не Стандарттың 10-1–тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.";
2-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 297 "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11303 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасынасәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) қабылдауы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) хатшы-іс жүргізуші құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады және оны зертханашыға береді, 30 (отыз) минуттан аспайды.
Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – құжаттар топтамасын қабылдау және қабылданған құжаттар топтамасын зертханашыға беру;
2) зертханашы құжаттар топтамасын қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, 1 (бір) жұмыс күн.
Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және оны зертханашыға береді, 1 (бір) жұмыс күн.
Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі;
4) зертханашы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді, 7 (жеті) сағат.
Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қостанай облысының әкімі | А. Мұхамбетов
|
Әкімдіктің
2015 жылғы 14 қазандағы № 433 қаулысымен бекітілген |
"Денсаулық сақтау саласының
кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қорытынды Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының (біліктілік комиссиясы) немесе көрсетілетін қызметті беруші басшысының шешімі қабылданған күнінен бастап даярлықтан өткізу туралы құжаттарды беру – 15 (он бес) жұмыс күннің ішінде, біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру – 3 (үш) жұмыс күннің ішінде;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттар.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің қорытынды нәтижелерін тапсыру үлгісі – қағаз жүзінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет - жеке тұлғаларға (көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында көрсетілетін қызметті берушінің белгілеген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 10.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліспен 13:00-ден 14:30-ға дейін.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша
2) жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
3) кету парағы немесе білім алушының көрсетілетін қызметті берушілер алдында берешегінің жоқтығын растайтын өзге құжат.
Салыстырудан кейін тұпнұсқа көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
10. Көрсетілетін қызметті берушіге барлық құжаттар топтамасын тапсыру барысында - көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті қағаз жүзінде қабылданады және көрсетілетін қызмет алушының кеңсесінде тіркеліп, көшірмесіне уақытымен мен күнінің белгіленеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер орынсыз көрсетілген жағдайда облыс әкімінің http://akim.blogs.kostanay.gov.kz блогына, Халыққа қызмет көрсету орталығына, облыстың қалалық және аудандық әкімдіктерінің кеңселеріне шағымдануыңызға болады.
Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы |
8(7142)390-506 |
110000, Қостанай облысы, Қостанай қ., Быковский көш., 4А |
E-mail: odzkost@yandex.ru |
---|
Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары, жоғары
оқу орнынан кейiнгi және қосымша кәсiптiк бiлiм беру
бағдарламаларын iске асыратын денсаулық сақтау саласындағы
ғылыми ұйымдар мен бiлiм беру ұйымдары
Р/с | Ұйымның атауы | Ұйымның орналасқан мекенжайы | Жұмыс кестесi | Басшының телефон нөмiрi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | «Алматы мемлекеттiк дәрiгерлер бiлiмiн жетiлдiру институты» РМК | Алматы қ., Манас к-сi, 34 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (8727) 2749689 |
2. | «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттiк медицина университетi» РМҚК | Ақтөбе қ., Маресьев к-сi, 68 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87132) 563425 |
3. | «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетi» РМК | Алматы қ., Төле би к-сi, 88 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87272) 923014 |
4. | «Қарағанды мемлекеттiк медицина университетi» РМК | Қарағанды қ., Гоголь к-сi, 40 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87212) 518926 |
5. | «Семей қаласының мемлекеттiк медицина университетi» РМК | Семей қ., Абай к-сi, 103 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87222) 522251 |
6 | «Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк фармацевтика академиясы» РМК | Шымкент қ., Әл-Фараби к-сi, 1 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87252) 408208 |
7 | «Астана медицина университетi» АҚ | Астана қ., Сарыарқа көшесi, 95 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87172) 539541 |
8 | «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебi» РМК | Алматы қ., Өтепов к-сi, 19а | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87273) 378025 |
9 | Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетi | Түркiстан қ., университет қалашығы | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87253) 363849 |
10 | «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ | Астана қ., Абылай хан даңғылы, 42 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87172) 231190 |
11 | «Терi-венерология ғылыми-зерттеу институты» РМК | Алматы қ., Райымбек даңғылы, 60 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87273) 974223 |
12 | «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» РМҚК | Алматы қ., Әл- Фараби даңғылы, 146 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87272) 697635 |
13 | «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РМК | Астана қ., Абылай хан даңғылы, 15а | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87172) 547717 |
14 | «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК | Астана қ., Иманов к-сi, 50 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87172) 371199 |
15 | «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» РМК | Алматы қ., Абай даңғылы, 91 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87272) 921064 |
16 | «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» РМК | Алматы қ., Достық даңғылы, 125 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87273) 870887 |
17 | «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ | Астана қ., Тұран даңғылы, 32 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87172) 701409 |
18 | «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ | Астана қ., Тұран даңғылы, 36 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87172) 511544 |
19 | «Құрмет Белгiсi» ордендi Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ | Алматы қ., Төле би к-сi, № 95а | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87272) 331786 |
20 | «Кардиология және iшкi аурулар ғылыми-зерттеу институты» РМК | Алматы қ., Әйтеке би к-сi | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (8727) 2796751 |
21 | «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ | Астана қ., Тұран даңғылы, 34/1 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87172) 511594 |
22 | «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтiк проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК | Павлодар қ., Кутузов к-сi, 200 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87182) 605053 |
23 | «Нашақорлықтың және психотерапияның, психиатрияның республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК | Алматы қ., Амангелдi к-сi, 88 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87272) 274832 |
24 | «Жедел медициналық жәрдем республикалық ғылыми орталығы» АҚ | Астана қ., Жәнiбек, Керей хандар к-сi, 3 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87172) 543264 |
25 | «Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы» РМҚК | Алматы қ., Бекқожин к-сi | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (8727) 2918692 |
26 | «Еңбек гигиенасы мен кәсiби аурулар ұлттық орталығы» РМҚК | Қарағанды қ., Мұстафин к-сi, 15 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87212) 561021, 565263 |
27 | «А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» АҚ | Алматы қ., Желтоқсан к-сi, 62 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87272) 2799282 |
28 | «Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» | Алматы қ., Басенов к-сi, 2 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (8727) 378493 |
29 | «Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы» РМК | Алматы қ., Д.Қонаев к-сi, 86 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87272) 912081 |
30 | «Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты» РМҚК | Семей қ., Гагарин к-сi, 258 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87222) 546349 |
31 | «Сот медицинасы орталығы» РМҚК | Астана қ., Жеңiс даңғылы, № 119/1 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87172) 934043 |
32 | «Трансфузиология ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК | Астана қ., Керей, Жәнiбек хандар к-сi, № 10 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87172) 543300 |
33 | «Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерiн даярлау және қайта даярлау колледжi» РМҚК | Алматы қ., Ш. Қалдаяқов к-сi, 54 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87272) 938213 |
34 | «Көкшетау медицина колледжi» МКҚК | Көкшетау қ., Глинин к-сi, 54 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87162) 315621, 315620, 314560 |
35 | «Ақтөбе медицина колледжi» МКҚК | Ақтөбе қ., Шерниязов к-сi, 18а | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87132) 400482, 400498 |
36 | «Талдықорған қаласының медицина колледжi» МКҚК | Талдықорған қ., Жансүгiров к-сi, 228 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87282) 224334, 224335 |
37 | «Талғар медицина колледжi» МКҚК | Талғар қ., Павлов к-сi, 24а | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (872774) 21993, 21611 |
38 | «Атырау медицина колледжi» МКҚК | Атырау қ., Құрманғазы к-сi, 7 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87122) 281038, 283850 |
39 | «Өскемен медицина колледжi» ҚМКК | Өскемен қ., 30 Гвардейская дивизия к-сi, 44 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87232) 540902, 540394 |
40 | «Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттiк медицина колледжi» ҚМКК | Семей қ., Интернациональная к-сi, 38 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87222) 560725, 563500 |
41 | «Жамбыл медицина колледжi» ҚМКК | Жамбыл қ., Ниетқалиев к-сi, 20 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87262) 450320, 450319 |
42 | «Батыс Қазақстан медицина колледжi» МҚКК | Орал қ., Жәңгiрхан к-сi, 67 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87112) 501183, 521538 |
43 | «Қарағанды қаласының медицина колледжi» КМҚК | Қарағанды қ., Чкалов к-сi, 9 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87212) 414532, 414501 |
44 | «Жезқазған қаласының медицина колледжi» КМҚК | Жезқазған қ., Тарадая к-сi, 8 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87102) 722960 |
45 | «Балқаш қаласының медицина колледжi» КМҚК | Балқаш қ., Желтоқсан к-сi | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (871036) 48550 |
46 | «Қостанай медицина колледжi» МКҚК | Қостанай қ., Баймағамбетов к-сi, 181 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87142) 547764 |
47 | «Арқалық медицина колледжi» МКҚК | Арқалық қ., Абай даңғылы, 23 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (871430) 72302 |
48 | «Қызылорда медицина колледжi» МКҚК | Қызылорда қ., Жақаев к-сi, 78 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87242) 230513, 230070, 230595 |
49 | «Маңғыстау облыстық медицина колледжi» МКҚК | Жаңаөзен қ., «Шұғыла», шағын ауданы 21б | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (872934) 32646 |
50 | «Павлодар медицина колледжi» МКҚК | Павлодар қ., Байзақов к-сi, 151 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87182) 573380 |
51 | «Екiбастұз медицина колледжi» ҚМКК | Екiбастұз қ., Ломоносов к-сi, 5 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (871877) 54306, 54462 |
52 | «Солтүстiк Қазақстан медицина колледжi» ҚМКК | Петропавл қ., Шухов к-сi 42 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87152) 320869, 471486 |
53 | «Шымкент медицина колледжi» МКҚК | Шымкент қ., Жылқышиев к-сi, 43 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87252) 530910 |
54 | «Түркiстан медицина колледжi» МКҚК | Түркiстан қ., Қожанов к-сi, 42 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87253) 343157, 43156 |
55 | «Жетiсай медицина колледжi» МКҚК | Жетiсай қ., Л. Тоқбергенов к-сi, 3 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (872534) 67541 |
56 | «Медицина колледжi» МКҚК Алматы қ. | Алматы қ., Қабанбай батыр к-сi, 132 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87272) 675905, 673662 |
57 | «Қалалық медицина колледжi» МКҚК Астана қ. | Астана қ., Ш. Құдайбердiұлы к-сi, 16 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87172) 560061 |
Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын ішкі бақылау жөніндегі жұмысы туралы есебіне талдамалық анықтама