Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 293 бұйрығына 3-қосымша
1. «Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – ХҚО), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.e.gov.kz, www.elіcense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал);
3) ХҚО арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәтінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.
ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызмет беруші көрсетілетін қызмет алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау факті анықталған жағдайда көрсетілген қызметті беруші көрсетілген мерзімде одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелденген жауап береді.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензия, қайта ресімделген лицензия, лицензияның телнұсқасы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, лицензия басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште лицензияны алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нұсқада ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді:
1) денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензия беру кезінде жиырма айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 АЕК-дан артық емес;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алуға электрондық сұрау салу портал арқылы берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі;
2) ХҚО – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін.
Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондау мүмкін;
3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде, демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келесі жұмыс күні жүргізіледі).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
лицензияны алу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) қызметтің жекелеген түрімен айналысу құқығына берілген лицензиялық алымның бюджетке төленгендігін растайтын құжат;
3) бекітілген нысан бойынша өтініш иесі жасаған: ішкі істер органдарының қызметкерлерді тиісті тексергені туралы наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерінің қызметкерлер арасында нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларымен ауыратындардың жоқ екені туралы белгілері бар қызметкерлердің тізімі;
4) жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайларды күзету шартының көшірмесі;
5) жарғысының (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi.
Лицензияға қосымшаны алу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) бекітілген нысан бойынша өтініш иесі жасаған: ішкі істер органдарының қызметкерлерді тексергені туралы наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерінің қызметкерлер арасында нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларымен ауыратындардың жоқ екені туралы белгілері бар қызметкерлердің тізімі;
3) жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайларды күзету шартының көшірмесі.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Қағаз жеткізгіште берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген кезде көрсетілген қызметті алушы көрсетілетін қызмет берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты ұсынып, лицензияның телнұсқасын алады.
ХҚО арқылы:
Лицензия алу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
3) бекітілген нысан бойынша өтініш иесі жасаған: ішкі істер органдарының қызметкерлерді тексергені туралы наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерінің қызметкерлер арасында нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларымен ауыратындардың жоқ екені туралы белгілері бар қызметкерлердің тізімі;
4) жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайларды күзету шарты;
5) жарғысының (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi.
Лицензияға қосымшаны алу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) бекітілген нысан бойынша өтініш иесі жасаған: ішкі істер органдарының қызметкерлерді тексергені туралы наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерінің қызметкерлер арасында нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларымен ауыратындардың жоқ екені туралы белгілері бар қызметкерлердің тізімі;
3) жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайларды күзету шарты.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
Қағаз жеткізгіште берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген жағдайда көрсетілген қызметті алушы ХҚО-ға мыналарды ұсынып, лицензияның телнұсқасын алады:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
порталға:
лицензияны алу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ – сы қойылған электрондық құжат түріндегі өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) бекітілген нысан бойынша өтініш иесі жасаған: ішкі істер органдарының қызметкерлерді тексергені туралы наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерінің қызметкерлер арасында нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларымен ауыратындардың жоқ екені туралы белгілері бар қызметкерлердің тізімінің электрондық көшірмесі;
4) жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайларды күзету шартының электрондық көшірмесі;
5) жарғысының электрондық көшірмесі.
лицензияға қосымшаны алу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ – сы қойылған электрондық құжат түріндегі өтініш;
2) бекітілген нысан бойынша өтініш иесі жасаған: ішкі істер органдарының қызметкерлерді тексергені туралы; наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерінің қызметкерлер арасында нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларымен ауыратындардың жоқ екені туралы белгілері бар қызметкерлердің тізімінің электрондық көшірмесі;
3) жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайларды күзету шартының электрондық көшірмесі.
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ – сы қойылған электрондық құжат түріндегі өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі лицензиялар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметтерді беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алған кезде көрсетілетін қызметті берушіге бұрын берілген қағаз жеткізгіштегі лицензияны және лицензияға қосымшаны қайтарады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар ауыстырылған сәтінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшан қайта рәсімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш береді.
ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмесін шығарады, одан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызмет алушыға қайтарады.
Құжаттарды ХҚО арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызмет алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
ХҚО-да дайын құжаттарды беру жеке бас куәлігі көрсетілген кезде (не болмаса нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.
ХҚО нәтижені бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызмет берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде, ХҚО-ның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚО-ға жібереді.
10. Егер:
1) жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қызметтің түрімен айналысу үшін тыйым салынса;
2) лицензиялық алым төленбесе;
3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
4) көрсетілетін қызметті беруші лицензиялау кезінде қойылған талаптарға көрсетілетін қызметті алушының сәйкес келмеуі туралы тиісті келісуші мемлекеттік органнан жауап алса;
5) лицензиялануы тиіс қызметті немесе қызметтiң жекелеген түрiн тоқтату немесе тыйым салу туралы заңды күшiне енген көрсетілетін қызметті алушыға қатысты сот шешімі (үкiмi) бар болса;
6) сот орындаушысы ұсынысының негізінде сотпен көрсетілетін қызметті алушы-қарызгерге лицензия беруге уақытша тыйым салынған болса, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздеме бола алады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО-ның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым почта арқылы жазбаша нысанда немесе жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында жаңартылып отыратын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), почталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелденген жауап көрсетілетін қызметті алушыға почталық байланыс арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары:
көрсетілетін қызметті берушінің – «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
Министрліктің - www.mzsr.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
ХҚО-ның –www.con.gov.kz интернет-ресурстарда орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ – сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушы порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен статусы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде ала алады.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7272) 74-37-73. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) "Фармацевтикалық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) "Денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланыстықызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) алынып тасталды - Қостанай облысы әкімдігінің 06.06.2017 № 293 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
Әкімдіктің
2015 жылғы 26 қарашадағы № 526 қаулысымен бекітілген |
1. "Денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы ("Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - Портал);
3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 12.05.2016 № 222 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензия, қайта ресімделген лицензия, лицензияның телнұсқасы.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздеме Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 "Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті және Стандарттың 9-тармағындакөрсетілген құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған сұрау салуын электрондық құжат нысанында қабылдауы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, оны тіркеуді жүзеге асырады, құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қою үшін береді, 5 (бес) минут.
Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі - құжаттар топтамасын қабылдау, оларды тіркеу;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны айқындайды, тиісті бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді, 5 (бес) минут.
Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі - көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын зерделейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде- 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні.
Ұсынылған құжаттар топтамасының толық болмау факті анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелденген жауап береді.
Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді, 15 (он бес) минут.
Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі - қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді, 5 (бес) минут.
Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, оны тіркеуді жүзеге асырады, құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қою үшін береді, 5 (бес) минут.
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны айқындайды, тиісті бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді, 5 (бес) минут.
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын зерделейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде- 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні.
Ұсынылған құжаттар топтамасының толық болмау факті анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелденген жауап береді.
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді, 15 (он бес) минут.
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді, 5 (бес) минут.
Ескерту. 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 12.05.2016 № 222 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс-қимылды бастауға негіздеме Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасын қабылдауы болып табылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 12.05.2016 № 222 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5) Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 15 (он бес) минут.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 12.05.2016 № 222 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының іс-қимылдарының тәртібі:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы порталда тіркелуді (авторизациялауды) жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық мемлекеттік қызметті таңдауы, электрондық сұрау салу жолдарын толтыруы және құжаттар топтамасын тіркеуі;
3) электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру;
4) көрсетілетін қызметті берушінің электрондық сұрау салуды өңдеуі (тексеруі, тіркеуі);
5) көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салу мәртебесі мен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" алуы;
6) көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберуі;
7) көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуы.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
"Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі."Денсаулық сақтау саласында
есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Шартты белгілер мен қысқартулар:
"Денсаулық сақтау саласында
есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 12.05.2016 № 222 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
Қызметті ХҚКО алу
Лицензия алу үшін:
Лицензияға қосымшаларды алу үшін:
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеу:
Қызметті мемлекеттік органда алу
Лицензия алу үшін:
Лицензияға қосымшаны алу үшін:
Мемлекеттік орган
ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызметті көрсету орны
"Электрондық лицензиялау" порталы
Халыққа қызмет көрсету орталықтары
Қызметтің құны
Лицензия - 20 АЕК
Лицензия телнұсқасы - 20 АЕК
Лицензияны қайта ресімдеу 1 АЕК, бірақ 4 АЕК артық емес.
Қызметті көрсету мерзімі
Лицензияны беру – 15 жұмыс күні;
Лицензияны қайта ресімдеу – 10 жұмыс күні;
Лицензия телнұсқаларын беру – 2 жұмыс күні.
Қызметтің толық атауы
Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру
Қосымша
Сіз құжатты тексере аласыз
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер орынсыз көрсетілген жағдайда облыс әкімінің http://akim.blogs.kostanay.gov.kz блогына, Халыққа қызмет көрсету орталығына, облыстың қалалық және аудандық әкімдіктерінің кеңселеріне шағымдануыңызға болады.
Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы |
8(7142)390-506 |
110000, Қостанай облысы, Қостанай қ., Быковский көш., 4А |
E-mail: odzkost@yandex.ru |
---|
Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары, жоғары
оқу орнынан кейiнгi және қосымша кәсiптiк бiлiм беру
бағдарламаларын iске асыратын денсаулық сақтау саласындағы
ғылыми ұйымдар мен бiлiм беру ұйымдары
Р/с | Ұйымның атауы | Ұйымның орналасқан мекенжайы | Жұмыс кестесi | Басшының телефон нөмiрi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | «Алматы мемлекеттiк дәрiгерлер бiлiмiн жетiлдiру институты» РМК | Алматы қ., Манас к-сi, 34 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (8727) 2749689 |
2. | «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттiк медицина университетi» РМҚК | Ақтөбе қ., Маресьев к-сi, 68 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87132) 563425 |
3. | «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетi» РМК | Алматы қ., Төле би к-сi, 88 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87272) 923014 |
4. | «Қарағанды мемлекеттiк медицина университетi» РМК | Қарағанды қ., Гоголь к-сi, 40 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87212) 518926 |
5. | «Семей қаласының мемлекеттiк медицина университетi» РМК | Семей қ., Абай к-сi, 103 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87222) 522251 |
6 | «Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк фармацевтика академиясы» РМК | Шымкент қ., Әл-Фараби к-сi, 1 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87252) 408208 |
7 | «Астана медицина университетi» АҚ | Астана қ., Сарыарқа көшесi, 95 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87172) 539541 |
8 | «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебi» РМК | Алматы қ., Өтепов к-сi, 19а | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87273) 378025 |
9 | Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетi | Түркiстан қ., университет қалашығы | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87253) 363849 |
10 | «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ | Астана қ., Абылай хан даңғылы, 42 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87172) 231190 |
11 | «Терi-венерология ғылыми-зерттеу институты» РМК | Алматы қ., Райымбек даңғылы, 60 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87273) 974223 |
12 | «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» РМҚК | Алматы қ., Әл- Фараби даңғылы, 146 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87272) 697635 |
13 | «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РМК | Астана қ., Абылай хан даңғылы, 15а | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87172) 547717 |
14 | «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК | Астана қ., Иманов к-сi, 50 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87172) 371199 |
15 | «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» РМК | Алматы қ., Абай даңғылы, 91 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87272) 921064 |
16 | «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» РМК | Алматы қ., Достық даңғылы, 125 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87273) 870887 |
17 | «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ | Астана қ., Тұран даңғылы, 32 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87172) 701409 |
18 | «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ | Астана қ., Тұран даңғылы, 36 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87172) 511544 |
19 | «Құрмет Белгiсi» ордендi Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ | Алматы қ., Төле би к-сi, № 95а | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87272) 331786 |
20 | «Кардиология және iшкi аурулар ғылыми-зерттеу институты» РМК | Алматы қ., Әйтеке би к-сi | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (8727) 2796751 |
21 | «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ | Астана қ., Тұран даңғылы, 34/1 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87172) 511594 |
22 | «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтiк проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК | Павлодар қ., Кутузов к-сi, 200 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87182) 605053 |
23 | «Нашақорлықтың және психотерапияның, психиатрияның республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК | Алматы қ., Амангелдi к-сi, 88 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87272) 274832 |
24 | «Жедел медициналық жәрдем республикалық ғылыми орталығы» АҚ | Астана қ., Жәнiбек, Керей хандар к-сi, 3 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87172) 543264 |
25 | «Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы» РМҚК | Алматы қ., Бекқожин к-сi | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (8727) 2918692 |
26 | «Еңбек гигиенасы мен кәсiби аурулар ұлттық орталығы» РМҚК | Қарағанды қ., Мұстафин к-сi, 15 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87212) 561021, 565263 |
27 | «А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» АҚ | Алматы қ., Желтоқсан к-сi, 62 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87272) 2799282 |
28 | «Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» | Алматы қ., Басенов к-сi, 2 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (8727) 378493 |
29 | «Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы» РМК | Алматы қ., Д.Қонаев к-сi, 86 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87272) 912081 |
30 | «Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты» РМҚК | Семей қ., Гагарин к-сi, 258 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87222) 546349 |
31 | «Сот медицинасы орталығы» РМҚК | Астана қ., Жеңiс даңғылы, № 119/1 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87172) 934043 |
32 | «Трансфузиология ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК | Астана қ., Керей, Жәнiбек хандар к-сi, № 10 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87172) 543300 |
33 | «Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерiн даярлау және қайта даярлау колледжi» РМҚК | Алматы қ., Ш. Қалдаяқов к-сi, 54 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87272) 938213 |
34 | «Көкшетау медицина колледжi» МКҚК | Көкшетау қ., Глинин к-сi, 54 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87162) 315621, 315620, 314560 |
35 | «Ақтөбе медицина колледжi» МКҚК | Ақтөбе қ., Шерниязов к-сi, 18а | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87132) 400482, 400498 |
36 | «Талдықорған қаласының медицина колледжi» МКҚК | Талдықорған қ., Жансүгiров к-сi, 228 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87282) 224334, 224335 |
37 | «Талғар медицина колледжi» МКҚК | Талғар қ., Павлов к-сi, 24а | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (872774) 21993, 21611 |
38 | «Атырау медицина колледжi» МКҚК | Атырау қ., Құрманғазы к-сi, 7 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87122) 281038, 283850 |
39 | «Өскемен медицина колледжi» ҚМКК | Өскемен қ., 30 Гвардейская дивизия к-сi, 44 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87232) 540902, 540394 |
40 | «Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттiк медицина колледжi» ҚМКК | Семей қ., Интернациональная к-сi, 38 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87222) 560725, 563500 |
41 | «Жамбыл медицина колледжi» ҚМКК | Жамбыл қ., Ниетқалиев к-сi, 20 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87262) 450320, 450319 |
42 | «Батыс Қазақстан медицина колледжi» МҚКК | Орал қ., Жәңгiрхан к-сi, 67 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87112) 501183, 521538 |
43 | «Қарағанды қаласының медицина колледжi» КМҚК | Қарағанды қ., Чкалов к-сi, 9 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87212) 414532, 414501 |
44 | «Жезқазған қаласының медицина колледжi» КМҚК | Жезқазған қ., Тарадая к-сi, 8 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87102) 722960 |
45 | «Балқаш қаласының медицина колледжi» КМҚК | Балқаш қ., Желтоқсан к-сi | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (871036) 48550 |
46 | «Қостанай медицина колледжi» МКҚК | Қостанай қ., Баймағамбетов к-сi, 181 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87142) 547764 |
47 | «Арқалық медицина колледжi» МКҚК | Арқалық қ., Абай даңғылы, 23 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (871430) 72302 |
48 | «Қызылорда медицина колледжi» МКҚК | Қызылорда қ., Жақаев к-сi, 78 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87242) 230513, 230070, 230595 |
49 | «Маңғыстау облыстық медицина колледжi» МКҚК | Жаңаөзен қ., «Шұғыла», шағын ауданы 21б | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (872934) 32646 |
50 | «Павлодар медицина колледжi» МКҚК | Павлодар қ., Байзақов к-сi, 151 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87182) 573380 |
51 | «Екiбастұз медицина колледжi» ҚМКК | Екiбастұз қ., Ломоносов к-сi, 5 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (871877) 54306, 54462 |
52 | «Солтүстiк Қазақстан медицина колледжi» ҚМКК | Петропавл қ., Шухов к-сi 42 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87152) 320869, 471486 |
53 | «Шымкент медицина колледжi» МКҚК | Шымкент қ., Жылқышиев к-сi, 43 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87252) 530910 |
54 | «Түркiстан медицина колледжi» МКҚК | Түркiстан қ., Қожанов к-сi, 42 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87253) 343157, 43156 |
55 | «Жетiсай медицина колледжi» МКҚК | Жетiсай қ., Л. Тоқбергенов к-сi, 3 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (872534) 67541 |
56 | «Медицина колледжi» МКҚК Алматы қ. | Алматы қ., Қабанбай батыр к-сi, 132 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87272) 675905, 673662 |
57 | «Қалалық медицина колледжi» МКҚК Астана қ. | Астана қ., Ш. Құдайбердiұлы к-сi, 16 | сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн | (87172) 560061 |
Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын ішкі бақылау жөніндегі жұмысы туралы есебіне талдамалық анықтама