Блог статистикасы
195
Жазбалар
5570
Өтініштер
229502
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 272 бұйрығына
6-қосымша

"Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

      2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды көрсетілетін қызмет берушіге тапсырған сәттен бастап - 3 (үш) сағат;

      2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минуттан аспайды;

      3) көрсетілетін қызметтің алушыға қызмет көрсетудің етілген ең ұзақ рұқсат етілген уақыты - 2 (екі) сағаттан аспайды;

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

      ХҚО-да – диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру;

      денсаулық сақтау ұйымдарында – диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру.

      Психиатр-дәрігер мен медициналық тіркеуші қол қойған және анықтаманы берген дәрігердің және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету құнын көрсетілетін қызметті алушы айқындайды және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында не қызмет берушінің үй-жайларында орналастырылады.

      Ақы төлеу көрсетілетін қызмет берушінің шотына қолма-қол немесе ақшасыз аудару нысанында жүргізіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) ХҚО-ның – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап сенбі күнін қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін, түскі үзіліссіз;

      2) Көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін, түскі үзіліссіз.

      Құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша және кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылу және жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.

      9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды:

      көрсетілетін қызметті берушіге және ХҚО-ға:

      - жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжат;

      - заңды өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (кәмелетке толмағандар үшін);

      - қамқоршының жеке басын куәландыратын және қамқоршылықты растайтын құжат (әрекет етуге қабілетсіздік деп сотпен танылған тұлға үшін).

      Көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

      9-1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағым почта арқылы жазбаша нысанда немесе министрліктің қызмет беру кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылданғанын растау шағым қабылдаған тұлғаның тегі, аты және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және Министрліктің қызмет беру кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс номері және күні) болып табылады. Шағымдар тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шара қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, министрліктің мекенжайына келіп түскен қызметті алушының шағымдары тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымдарды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почталық байланыс арқылы жіберіледі не Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mzsr.gov.kz, интернет-ресурсында "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде немесе қызмет берушінің үй-жайларында орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының алыс жердегі рұқсаты режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары министрліктің www.mzsr.gov.kz, интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-77-77, (1414).

 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 396 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5976 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Дәрігерді үйге шақыру""Дәрігердің қабылдауына жазылу""Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінде:
      4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті арқылы көрсетілмейді.";
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу", "Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру", "Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру", "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру", "Медициналық-санитариялықалғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру", "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінде:
      4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілмейді.";
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) "Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті";
      жоғарыда көрсетілген қаулы осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес "Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Қостанай


      облысының әкімі

А. Мұхамбетов


Әкімдіктің
2015 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 396 қаулысымен бекітілген

"Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 03.05.2016 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); 
      2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 
      2. Көрсетілетін мемлекеттiк қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: 
      Мемлекеттік корпорацияда – диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру; 
      денсаулық сақтау ұйымдарында - диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру. 
      Анықтама Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272"Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша психиатр-дәрігер мен медициналық тіркеуші қол қойған және анықтаманы берген дәрігердің және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған, Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып беріледі.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар топтамасын қарайды және көрсетілетін қызметті алушыны психиатр-дәрігерге жібереді, 15 (он бес) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыны психиатр-дәрігерге жіберу;
      2) психиатр-дәрігер құжаттар топтамасын қарап, медициналық тексеріп-қараулар жүргізіп, "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесінде көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болуын тексеріп, медициналық тіркеушіге дәрігердің мөрімен расталған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын береді, 2 (екі) сағат. 
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
      3) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын тіркеуді жүзеге асырып, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын растайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді, 30 (отыз) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) медициналық тіркеуші;
      2) психиатр-дәрігер.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар топтамасын қарайды және көрсетілетін қызметті алушыны психиатр-дәрігерге жібереді, 15 (он бес) минут;
      2) психиатр-дәрігер құжаттар топтамасын қарап, медициналық тексеріп-қараулар жүргізіп, "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесінде көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болуын тексеріп, медициналық тіркеушіге дәрігердің мөрімен расталған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын береді, 2 (екі) сағат;
      3) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын тіркеуді жүзеге асырып, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын растайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді, 30 (отыз) минут.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасын қабылдауы болып табылады. 
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір іс-қимылдың мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштің толтырылуының дұрыстығын және құжаттар топтамасының толықтығын тексереді (5 минут).
      Мемлекеттік корпорация қызметкері оларды "Мемлекеттік корпорацияға арналған интеграцияланған ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесінде тіркейді (5 минут);
      2) Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады (5 минут);
      3) Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді (15 минут).
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

 "Психоневрологиялық ұйымнан
анықтама беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      

Қызметті мемлекеттік органда алу

  1. Жеке куәлік.
  2. Заңды өкілдің өкілеттігін растайтын құжат  (кәмелетке толмағандар үшін). 
  3. Қорғаншылықты растайтын құжат  (әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдар үшін).

Мемлекеттік орган

ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі


Қызметті алушылар

ҚР азаматтары, шетелдіктер және ҚР азаматтығы жоқ адамдар 


Қызметті көрсету орны 

Медико-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар 


Қызметтің құны

ақылы


Қызметті көрсету мерзімі 

кемінде 3 сағат 


Қызметтің толық атауы

Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру


Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын ішкі бақылау жөніндегі жұмысы туралы есебіне талдамалық анықтама

анықтаманы жүктеу



хат жіберу