Блог статистикасы
195
Жазбалар
5129
Өтініштер
207343
Келушілер
Молдагалиев Дамир Дауренбекович
Руководитель Департамента Комитета технического регулирования и метрологии Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан по Костанайской области

Молдагалиев Дамир Дауренбекович– Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Қостанай облысы бойынша Департамент басшысы – Қостанай облысының мемлекеттік бақылау жөніндегі...


Байланыс ақпараты

Мекенжай: 110000, Қостанай қ., Гоголя к. 75, 114 каб.

Телефон: 8/7142/ 50-24-55, 50-49-18 факс: 8/7142/ 50-49-18.

Сенім телефоны: 8 /7142/ 50-49-18

Электрондық пошта:

Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Молдагалиев Дамир Дауренбекович
Руководитель Департамента Комитета технического регулирования и метрологии Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан по Костанайской области

Молдагалиев Дамир Дауренбекович– Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Қостанай облысы бойынша Департамент басшысы – Қостанай облысының мемлекеттік бақылау жөніндегі...

Байланыс ақпараты

Мекенжай: 110000, Қостанай қ., Гоголя к. 75, 114 каб. Телефон: 8/7142/ 50-24-55, 50-49-18 факс: 8/7142/ 50-49-18. Сенім телефоны: 8 /7142/ 50-49-18 Электрондық пошта:

Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Молдагалиев Дамир Дауренбекович
Руководитель Департамента Комитета технического регулирования и метрологии Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан по Костанайской области

Молдагалиев Дамир Дауренбекович– Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Қостанай облысы бойынша Департамент басшысы – Қостанай облысының мемлекеттік бақылау жөніндегі...

Байланыс ақпараты

Мекенжай: 110000, Қостанай қ., Гоголя к. 75, 114 каб. Телефон: 8/7142/ 50-24-55, 50-49-18 факс: 8/7142/ 50-49-18. Сенім телефоны: 8 /7142/ 50-49-18 Электрондық пошта:

  • Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру

Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру

Қосымша


Қазақстан Республикасы     
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі    
№ 139 бұйрығына       
2-қосымша          

«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (657)

1. Жалпы ережелер

      1. «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органның дене шынықтыру және спорт саласында функцияларды жүзеге асыратын тиісті құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішті қабылдау және нәтижесін беру:
      көрсетілген қызмет берушінің кеңсесі;
      «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
      аккредиттеу туралы куәлікті беру – күнтізбелік 15 (он бес) күн;
      аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу – күнтізбелік 5 (бес) күн;
      аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру – күнтізбелік 5 (бес) күн;
      2) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрі - аккредиттеу туралы куәлік) болып табылады.
      Порталда – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ХҚО алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабардар ету.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын-ала жазбасыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушіде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және оның нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін жүзеге асырылады.
      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндерінде, көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкіл) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) көрсетілетін қызмет берушіге:
      аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін:
      спорт федерацияның басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт федерациясының өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеуді өткізуге өтініш;
      басшы органның жеке құрамы туралы мәлімет;
      спорт федерациясы жарғысының көшірмесі;
      спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарлама;
      спорт түрі (түрлері) бойынша қағидалар жобасы;
      аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш;
      аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы өтініш.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырылатын, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
       Қабылдаудың растау көрсетілетін қызмет берушінің кеңседе құжаттар топтамасының қабылдау мерзімі және күні көрсетіп қағаз нысанында өтініште белгі және тіркеу болып табылады;
      2) порталға:
      аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы басшы органның жеке құрамы туралы мәлімет;
      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт федерациясының жарғысы;
      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарлама;
      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі (түрлері) бойынша қағидаларының жобасы;
      аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырылатын, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
      Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы қызмет алушының жүгіну тарихындағы «жеке кабинетінде» мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, хабарлама көрінеді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Министрліктің Дене шынықтыру және спорт істері комитетінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы (әкімдігінің) басшысына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның (әкімдігінің) кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның (әкімдігінің) кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні) болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның (әкімдігінің) мекенжайына түскен шағымы тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның (әкімдігінің) кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының: 1414 телефоны немесе портал арқылы алуға болады.
      Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Заңды тұлғаның шағымында, оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс хаттың тіркелген нөмірі мен күні көрсетіледі.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметтердің ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің Дене шынықтыру және спорт істері комитетінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы не Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша анықтамалық қызметтен алуға болады.


Әкімдіктің         
2015 жылғы 22 қазандағы   
№ 447 қаулысымен бекітілген

"Жергілікті спорт федерацияларын
аккредиттеу " мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерацияларын аккредиттеу туралы куәлік, қайта рәсімделген спорт федерацияларын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерацияларын аккредиттеу туралы куәліктің болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызмет берушінің Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес өтінішті Стандарттың  9-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса қабылдауы (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) немесе электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті алушының (немесе уәкілетті өкілінің) ЭЦҚ куәландырылған сұрау салу болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды, тіркейді және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді - 20 (жиырма) минут;
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі - құжаттар топтамасын қабылдау;
      2) көсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны айқындайды, тиісті бұрыштама қояды – 15 (он бес) минут;
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын зерделейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді:
      аккредиттеу туралы куәлікті беру - 14 (он төрт) күнтізбелік күн;
      аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу - 4 (төрт) күнтізбелік күн;
      аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру - 4 (төрт) күнтізбелік күн;
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды – 15 (он бес) минут;
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға (немесе сенім хат бойынша уәкілетті өкіліне) береді - 15 (он бес) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды, тіркейді және басшыға құажаттар топтамасын береді - 20 (жиырма) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны айқындайды – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын зерделейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды, оны қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады:
      аккредиттеу туралы куәлікті беру - 14 (он төрт) күнтізбелік күн;
      аккредиттеу туралы куәліктіқайта рәсімдеу - 4 (төрт) күнтізбелік күн;
      аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру - 4 (төрт) күнтізбелік күн;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды – 15 (он бес) минут;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (немесе сенімхат бойынша уәкілетті өкіліне) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді – 15 (он бес) минут.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
ақпараттық жүйелерді қолдану
тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Қостанай облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы арқылы көрсетілмейді.
      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жүгіну тәртібін көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Порталда тіркелуді (авторизациялауды) ЭЦҚ арқылы жүзеге асырады;
      2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, электрондық сұрау салу жолдарын толтыруы және құжаттар топтамасын бекітуі;
      3) электрондық мемлекеттік көсетілетін қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы электрондық сұрау салуды куәландыру;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің электрондық сұрау салуды өңдеуі (тексеруі, тіркеуі);
      5) көрсетілетін қызмет алушының электрондық сұрау салу мәртебесі мен көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тарихында алуы.
      Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің  1-қосымшасында көрсетілген.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің  2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

"Жергілікті спорт федерацияларын   
аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет Регламентіне 1-қосымша   

Портал арқылы мемлекеттік қызмет
көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

Шартты белгілер мен қысқартулар:

"Жергілікті спорт федерацияларын   
аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет Регламентіне 2-қосымша    

"Жергілікті спорт федерацияларын
аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қызметті мемлекеттік органнан алу үшін (қажетті құжаттар):

1. Аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін:

  • спорт федерацияның басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт федерациясының өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
  • 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеуді өткізуге өтініш;
  • басшы органның жеке құрамы туралы мәлімет;
  • спорт федерациясы жарғысының көшірмесі;
  • спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарлама;
  • спорт түрі (түрлері) бойынша қағидалар жобасы;

2. Аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін:

  • 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш.

3. Аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін:

  • 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы өтініш.


АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ҚЫЗМЕТ

Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу

Онлайн қызметке тапсырыс



Баспаға шығару нұсқасы



Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер орынсыз көрсетілген жағдайда облыс әкімінің http://akim.blogs.kostanay.gov.kz блогына, Халыққа қызмет көрсету орталығына, облыстың қалалық және аудандық әкімдіктерінің кеңселеріне шағымдануыңызға болады.

 

 

Мемлекеттік органның атауы

Мемлекеттік органның орналасқан жері

Жұмыс кестесі

Қостанай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

110000 Қостанай қаласы, Таран көшесі 83, қабылдау бөлмесі -425 каб. тел. 8 7142 - 575-330, Туризмді дамыту бөлімі, 414 каб, тел 8 7142 53-40-80. oblsport@kostanay.kz

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда.

 


Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын ішкі бақылау жөніндегі жұмысы туралы есебіне талдамалық анықтама

анықтаманы жүктеу



хат жіберу