Блог статистикасы
195
Жазбалар
5570
Өтініштер
229502
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
  • Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспа басылымдарын есепке алу

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспа басылымдарын есепке алу

Қосымша


Қазақстан Республикасы       
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі      
№ 505 бұйрығына          
5-қосымша            

«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын
есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (41) 

1. Жалпы ережелер

      1. «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі саясат басқармалары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
      1) Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) ХҚО-ға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні.
      ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 (жиырма) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу туралы анықтама.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      Анықтаманы қағаз тасығышта алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді және басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолы қойылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – сенбі күндері аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, түскi үзiлiссіз;
      Мемлекеттік қызмет электрондық кезек ретімен, шұғыл түрде қызмет көрсетілмей, көрсетілетін көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электронды кезекті «брондауға» мүмкіндігі бар.
      2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызмет алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс күні аяқталған уақытта, демалыс және мереке күндерінде өтініш жасаған жағдайда, өтініштерді қабылдау мен мемелекеттік қызметті көрсету туралы нәтижені беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) ХҚО-ға:
      жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш (мерзімді баспасөз басылымдарының атаулары, таралу аймағы, тілі, негізгі тақырыптық бағыты, шығу жиілігі, таралатын даналардың саны);
      2) порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрану;
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы, төлеу (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызмет беруші және ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден «электрондық үкімет» шлюз арқылы алады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін қайта жаңғыртып, түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.
      ХҚО қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңнамаларымен өзгесі көзделмесе, ақпараттың жүйеде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалану үшін көрсетілетін қызметті алушыдан келісім алады.
      ХҚО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке басы куәлігін көрсеткен кезде (немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      ХҚО нәтиженің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан соң оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, ХҚО-ның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде ХҚО-ға жібереді.
      Портал арқылы жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіліп (егер қағаз түрінде берілген болса алған орны көрсетілуі тиіс), мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
      10. Осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стардартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және
(немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетiне
(әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) олардыңқызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 8 (7172) 24 24 19 телефоны арқылы Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.
      ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым ХҚО басшысының атына беріледі.
      ХҚО-ға қолма-қол, сонымен қатар пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы;
      2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесіне немесе ХҚО-ға қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы электрондық жүгінген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және
халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызмет
көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар

      13. Заңнамада белгіленген тәртіпте өздігінен қызмет көрсетуді, өз бетімен жүруді, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауға бағдарлау қабілеттілігін толық немесе ішінара мүмкіндігін жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға ХҚО қызметкерімен 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы тұрғылықты орны бойынша шыға отырып қызмет көрсетіледі.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мекенжайлары: Министрліктің www.mid.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде, ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      15. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.


Қосымша


Әкімдіктің        
2015 жылғы 14 қазандағы  
№ 436 қаулысымен бекітілген

"Облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың аумағында таратылатын
шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын
есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы ("Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – ХҚКО) Қостанай облысы бойынша филиалы;
      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – облыстың аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу туралы анықтама.
      Анықтаманы қағаз тасығышта алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрмен расталады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арқылы жүзеге асырылмайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      5. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арқылы жүзеге асырылмайды.

4.  Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен
және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді
пайдалану тәртібін сипаттау

      6. ХҚКО-ға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс-қимылды бастауға негіздеме ХҚКО қызметкерінің Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт)1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды қоса берген (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдауы болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір іс-қимылдың мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ХҚКО-ға жүгінеді;
      2) ХҚКО қызметкері өтінішті толтырудың дұрыстығын, құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, "Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған интеграцияланған ақпараттық жүйе" (бұдан әрі – ХҚКО ИАЖ) ақпараттық жүйесінде өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы жазбаша қолхат береді, 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді, 15 (он бес) минут;
      3) ХҚКО қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңнамаларымен. өзгесі көзделмесе, ақпараттың жүйеде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалану үшін көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады, 5 (бес) минут;
      4) ХҚКО қызметкері құжаттар топтамасын дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік немесе осыған уәкілетті өзге де байланыс арқылы жібереді, 1 (бір) жұмыс күні;
      5) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және ХҚКО-ға жібереді, 8 (сегіз) жұмыс күн;
      6) ХҚКО қызметкері құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 15 (он бес) минут.
      7. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Порталда тіркелуді және авторизациялауды жүзеге асырады;
      2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық мемлекеттік қызметті таңдауы, электрондық сұрану жолдарын толтыруы және құжаттар топтамасын бекітуі;
      3) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрануды куәландыру;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің элетрондық сұрануды өңдеуі (тексеруі, тіркеуі);
      5) көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіліп (егер қағаз түрінде берілген болса алған орны көрсетілуі тиіс), мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберу;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберуі;
      7) көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуы.
      Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің  1-қосымшасында көрсетілген.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы "электорндық үкімет" веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады

Қызмет көрсететін мемлекеттік орган

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі


Қызметті алушылар

Жеке және заңды тұлғалар


Қызмет көрсету орны

www.egov.kz порталы

ХҚҚО

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі


Қызмет құны және төлеу тәртібі

Тегін


Қызмет көрсету мерзімі

10 күнтізбелік күн
 


Қызметтің толық атауы

Облыс аумағында (республикалық маңызы бар қалалар, астана) таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу


Қосымша

Сіз құжатты тексере аласыз

Оқыту роликтерін қарау

 

  1. Порталда авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімге құжаттарды қоса тіркеу:
  • кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
  • соңғы басылымның электронды көшірмесін.
  1. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында өңделген анықтамамен танысу және талап етілген жерге ұсыну.

Қосымша: бірге берілетін құжаттардың  рұқсат етілетін максималды көлемі 1 МБ-тан аспауы керек

Қызметті ХҚКО-да алу  

  1. Мемлекеттiк қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат.
  2. Кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi мен түпнұсқасы (немесе кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқықты растайтын құжаттың нотариалды түрде куәландырылған көшiрмесi.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер орынсыз көрсетілген жағдайда облыс әкімінің http://akim.blogs.kostanay.gov.kz блогына, Халыққа қызмет көрсету орталығына, облыстың қалалық және аудандық әкімдіктерінің кеңселеріне шағымдануыңызға болады.

Қостанай облысының Iшкi саясат басқармасы

Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесi, 66

(8-7142) 57-51-90
ф. 57-53-53

 

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары

 

1

«Қостанай облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй

8(7142) 53-44-84 8(7142) 53-25-56

1)

Қостанай қаласының оңтүстік бөлігіндегі қалалық бөлімі

Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гашик көшесі, 14-үй

8(7142) 26-45-51

2)

Қостанай қаласының солтүстік бөлігіндегі қалалық бөлімі

Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Герцен көшесі 2б үй

8 (7142) 391383
8 (7142) 391385

3)

Алтынсарин аудандық бөлімі

Қостанай облысы, Силантьевка ауылы, Ленин көшесі, 51-үй

8(71445) 21-5-28
8 (71445) 21-5-29

4)

Амангелді аудандық бөлімі

Қостанай облысы, Амангелді ауылы, Майлин көшесі, 27/7 -үй

8(71440) 21-2-55
8(71440) 21-2-69

5)

Арқалық қалалық бөлімі

Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай көшесі, 62-үй

8(71430) 75-6-87
8(71430) 75-6-86

6)

Әулиекөл аудандық бөлімі

Қостанай облысы, Әулиекөл ауылы, Ленин көшесі, 32-үй

8(71453) 21-8-31
8(71453) 21-9-02

7)

Денисов аудандық бөлімі

Қостанай облысы, Денисов ауылы, Советская көшесі, 13-үй

8(71434)22-0-30
8(71434) 92-7-16

8)

Жангелді аудандық бөлімі

Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Торғай ауылы, 8 наурыз көшесі, 37

8(71439) 22-0-05
8(71439) 21-5-85

9)

Жітіқара аудандық бөлімі

Қостанай облысы, Жітіқара қаласы, Ленин көшесі, 108-үй

8(71435) 28-2-83
8(71435) 28-2-00

10)

Қамысты аудандық бөлімі

Қостанай облысы, Қамысты ауылы, Ержанов көшесі, 66-үй

8(71437) 22-2-76
8(71437) 22-2-75

11)

Қарабалық аудандық бөлімі

Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Чапаев көшесі, 3-үй

8(71441) 32-9-61
8(71441) 32-5-02

12)

Қарасу аудандық бөлімі

Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, Комсомольская көшесі, 24-үй

8(71452) 22-1-47
8(71452) 21-9-69

13)

Лисаковск қалалық бөлімі

Қостанай облысы, Лисаковск қаласы, 4 ш/а,25-үй

8(71433) 32-0-90
8(71433) 35-3-89

14)

Меңдіқара аудандық бөлімі

Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Королев көшесі, 4А-үй

8(71443) 22-4-60

15)

Наурызым аудандық бөлімі

Қостанай облысы, Наурызым ауданы, Қараменді кенті, Шақшақ Жәнібек көшесі, 5-үй

8(71454) 21-0-53
8(71454) 21-0-15

16)

Рудный қалалық № 1 бөлім

Қостанай қаласы, Рудный қаласы, Космонавттар көшесі, 12-үй

8(71431) 49-8-02

17)

Рудный қалалық № 2 бөлім

Қостанай облысы, Рудный қаласы, Корчагин көшесі, 76-үй

8(71431) 90-0-38
8(71431) 98-9-47

18)

Сарыкөл аудандық бөлімі

Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл ауылы, Ленин көшесі, 104-үй

8(71451) 21-3-21
8(71451) 21-2-09

19)

Таранов аудандық бөлімі

Қостанай облысы, Таранов ауданы, Таранов ауылы, Калинин көшесі, 93-үй

8(71436) 36-5-89
8(71436) 37-4-52

20)

Ұзынкөл аудандық бөлімі

Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы, Абай көшесі, 79-үй

8(71444) 21-5-67
8(71444) 21-1-62

21)

Федоров аудандық бөлімі

Қостанай облысы, Федоров ауданы,Федоров ауылы, Красноармейская көшесі, 56-үй

8(71442) 22-5-18
8(71442) 23-2-83

22)

Қостанай аудандық бөлімі

Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Калинин көшесі, 53-үй

8(71455) 24-3-15
8(71455) 24-3-16


Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын ішкі бақылау жөніндегі жұмысы туралы есебіне талдамалық анықтама

анықтаманы жүктеу



хат жіберу